"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапты хатшысы міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Аппарат басшысының 2021 жылғы 25 тамыздағы № 306 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппарат Басшысының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 531 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппарат Басшысының 31.12.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапты хатшысы міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 514 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      "Қоғаммен байланыс департаменті - 21 " деген бөлімде:

      "Қоғаммен байланыс департаментінің бас сарапшысы, С-4 санаты, 21-02" тарауында:

      білімі деген жолдағы "Жоғары білім және (немесе) жоғарғы оқу орнына кейінгі білім: білім (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі,) гуманитарлық ғылымдар (филология, шетел филологиясы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғамдық байланыс, саясаттану, әлеуметтану)" деген сөздер "Жоғары білім және (немесе) жоғарғы оқу орнына кейінгі білім: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технология, қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын";

      "Қоғаммен байланыс департаментінің бас сарапшысы, С-4 санаты, 21-03" тарауында:

      білімі деген жолдағы "Жоғары білім және (немесе) жоғарғы оқу орнына кейінгі білім: білім (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі,) гуманитарлық ғылымдар (филология, шетел филологиясы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғамдық байланыс, саясаттану, әлеуметтану)" деген сөздер "Жоғары білім және (немесе) жоғарғы оқу орнына кейінгі білім: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технология, қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын"

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадр қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қабылдаған күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты қабылдаған күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аппарат басшысы А. Құрманғалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады