Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапты хатшысы міндетін атқарушысының және аппарат басшысының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппарат Басшысының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 531 бұйрығы.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мынадай бұйрықтардың:

      1) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапты хатшысы міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 514 бұйрығының;

      2) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапты хатшысы міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппарат басшысының 2021 жылғы 8 ақпандағы № 32 бұйрығының;

      3) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапты хатшысы міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппарат басшысының 2021 жылғы 25 тамыздағы № 306 бұйрығының күші жойылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадр қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аппарат басшысы А. Құрманғалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады