"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 2 маусымдағы № 188 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 31 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      15-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Комитеттің функциялары:

      Фунциялар:

      Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы:

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

      үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;

      өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      іске асырылатын:

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      үкіметтік емес ұйымдардың қызметі саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру және жүргізуді жүзеге асыру;

      үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін ұсынылатын мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру;

      Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты дамуының мақсаттарын имплементациялау жұмыстарын ұйымдастыру;

      Комитеттің халықаралық ынтымақтастық саласында жұмыстарын үйлестіру;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асыру мониторингіне және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      Комитеттің құзыретіне шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы:

      реттеуші:

      басқарманың құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

      Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      іске асырылатын:

      қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын дамыту, оның ішінде Қазақстанның Азаматтық форумын өткізу;

      азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға,іске асыру мониторингіне және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша республикалық және жергілікті деңгейлерде құрылған қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      республикалық және жергілікті деңгейлерде қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіруді және әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру;

      жыл сайын Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндаманы дайындау және кейіннен Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асыру;

      қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру бойынша, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі сандық құрамы бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      уәкілетті органның жанынан Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру, оның ережесі мен құрамын бекіту;

      уәкілетті органның жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыреті шегінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      Комитеттің құзыретіне жататын Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

      Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасы:

      реттеуші:

      басқарманың құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

      үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру жоспарын әзірлеу;

      үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың оның қызметі нәтижелері туралы есеп нысанын әзірлеу;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру мониторингі және бағалау қағидаларын әзірлеу;

      үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықтар беру қағидаларын әзірлеу.

      іске асырылатын:

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      орталық және жергілікті денгейлерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру;

      мемлекеттік органдар іске асыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;

      Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыну үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингінің қорытындылары бойынша ақпаратты дайындау;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастыру;

      үкіметтік емес ұйымдарға оператор арқылы гранттар беру;

      үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың оның қызметінің нәтижелері туралы есебін қарау;

      үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақылар беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      Комиттетің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру қызметін үйлестіру;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыреті шегінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

      Талдау және жоспарлау басқармасы:

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

      іске асырылатын:

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      Комитеттің құзыретіне жататын стратегиялық және операциялық жоспарларды әзірлеуді және келісуді қамтамасыз ету;

      Комитеттің сараптама-талдау қызметін үйлестіру;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитет құзыреті шеңберінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және мониторингті іске асыруға және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

      Қоғамдық-саяси жұмыс басқармасы:

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

      бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;

      іске асырылатын:

      Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты ішкі саясат тұрақтылығы саласында іске асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      медиация мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша мониторингті жүзеге асыру және ұсыныстар әзірлеу;

      басқарманың құзыреті шегінде медиацияны дамытуға және үйлестіруге қолдау көрсету;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитет құзыреті шеңберінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асыру мониторингіне және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

      Қайырымдылық және волонтерлік мәселелері басқармасы:

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

      волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды әзірлеу;

      волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды іске асыру мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;

      волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын беру қағидаларын әзірлеу;

      іске асырылатын:

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      волонтерлік қызмет саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      волонтерлік қызмет саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

      волонтерлік қызметті дамыту саласында мемлекеттік органдардың қызметін әдістемелік сүйемелдеуді үйлестіру және ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасында волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинауды және қорытындылауды жүзеге асыру;

      волонтерлік ұйымдарды және волонтерлерді волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға тарту және волонтерлік акциялар өткізу тәртібі бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      қайырымдылық саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

      Үкімет жанынан қайырымдылық бойынша консультативтік-кеңесші органның жұмысын ұйымдастыру;

      қайырымдылық және өзге де ұйымдармен қайырымдылық саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыреті шегінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Министрлік реттейтін келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;

      басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асыру мониторингіне және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Комитет төрағасын Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің аппарат басшысы министрмен келісу арқылы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) тіркеуші органға "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабар беруді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің м.а.
С. Егізбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады