Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы "Қарағанды облысында көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" № 247 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 тамыздағы № 93 шешімі

      Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы "Қарағанды облысында көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне № 247 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4445 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Нұсқалған бұйрықпен бекітілген Қарағанды облысында көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы әзірлеу қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) қоныс аударушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

      2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.";

      5-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын белгілеуге (алып тастауға)";

      5-тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Қандастармен мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешiм ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады