Жаңаарқа ауданының кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 111/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" № 139 бұйрығына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаарқа ауданының кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ю.Бекқожин

  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 15 қарашадағы
№111/02 қаулысына
қосымша

Жаңаарқа ауданының кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі

1 тарау. Негізгі ережелер

      1. Жаңаарқа ауданының кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.

2 тарау. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттер кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін айқындау

      2. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есептейді.

      3. Жоспарлы кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін кенттер, ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамын Бюджет кодексінің 45-бабының 7, 9-1-тармағына сәйкес ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы сырғымалы негізде жыл сайын, тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындайды.

      4. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттер шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.

      Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:

      еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және тұрақты сипаттағы шығындар (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);

      материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес өзге де күрделі шығыстар (бұдан әрі – күрделі сипаттағы шығындар).

3 тарау. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      5. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін жалпы кенттер, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.

      6. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде есепке алынады:

      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);

      2) кенттер, ауылдық округтер бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;

      4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;

      5) кенттер, ауылдық округтер бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін аудандық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.

      7. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша демалыстарға арналған қаражат алынып тасталады және кенттер, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалар қосылады.

      8. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есеп айырысу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.

      9. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.

      10. Жеке функционалдық кіші топ бойынша кенттер, ауылдық округтер ағымдағы шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:

     


      мұнда:

     


      – і кенттер, ауылдық округтер j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы есептік шығындары;

      Зj –кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;

     


      – і кенттер, ауылдық округтер j-функционалдық кіші тобы бойынша мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны;

     


      – і кенттер, ауылдық округтер j-ші функционалдық кіші топ бойынша орташа облыстық деңгейден мемлекеттік қызметтер көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.

      11. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:

     


     

      мұнда:

      Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і ауылдар, кенттер, ауылдық округтер халық санының болжамы;

      Халі – і -кенттер, ауылдық округтер халықтың жалпы санының болжамы.

      Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің көлеміне қарамастан, оның ішінде қосымша көліктік және өзге де шығыстарды ескере отырып, халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жиынтығымен қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген орташа аудандық деңгеймен салыстырғанда шығындардың неғұрлым жоғары деңгейін ескереді;

      2) ауқым коэффициенті:

     


      мұнда:

     


      –кенттер, ауылдық округтер халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ;

     


      – бір ауылдық округтің халқының орташа санының болжамы;

      Халi – і- кенттердің, ауылдық округтердің халық санының болжамы;

      Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;

      3) ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халіауыл – i- кенттер, ауылдық округтер ауыл халқы санының болжамы;

     


      – j-функционалдық кіші топ бойынша (барлық кенттер, ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.

      Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;

      4) тығыздық коэффициенті:

     


      мұнда:

     


      – аудан бойынша халықтың орташа тығыздығы;

      рi – i- кенттер, ауылдық округтер халықтың тығыздығы;

     


      - кенттер, ауылдық округтер халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.

      Тығыздық коэффициенті аудан халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;

      5) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:

     


      мұнда:

      Ni -"Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін жергілікті маңызы бар ұстауға арналған қаржыландыру нормативі i-ші ауылдар автомобиль жолдарын, кенттерді, ауылдық округтерді.

     


      – аудан бойынша автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

      6) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):

     


      мұнда:

      bi – і кенттер, ауылдық округтер жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

      Кедейлікті есепке алу коэффициенті табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесінің өсуіне байланысты кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің әлеуметтік көмек төлеуге арналған шығындарының ұлғаюын ескереді;

      7) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті:

     


      мұнда:

      di – i- кенттер, ауылдық округтер жылты маусымының кезеңі;

     


      –кенттер, ауылдық округтер бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;

     


      – кенттер, ауылдық округтер бюджеттердің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.

      Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті аудан өңірлері бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының аудандағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.

      12. Келесі екі жылдағы аудандық бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңдегі бірінші жылғы аудандық бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.

4 тарау. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      13. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі кенттер, ауылдық округтер ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.

      Әрбір кенттер, ауылдық округтер бойынша жеке күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      КШі = k* ЕШі,

      мұнда:

      КШі – і кенттер, ауылдық округтер күрделі сипаттағы есептік шығындары;

      ЕШі – і кенттер, ауылдық округтер ағымдағы есептік шығындары;

      k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

      Аудан бюджеті мен кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

5 тарау. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу

      14. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі кенттер, ауылдық округтер ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір кенттер, ауылдық округтер бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

      БДБШi = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),

      мұнда:

      БДБШi – i кенттер, ауылдық округтер бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;

      ЕШі – i кенттер, ауылдық округтер ағымдағы есептік шығындары;

      КБКі – і кенттер, ауылдық округтер кірістерінің болжамды көлемі;

      r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;

      r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың кенттер, ауылдық округтер бюджеттердің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

      15. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы аудандық бюджет пен кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

  Кенттер, ауылдық округтер
бюджеттерінің кірістері мен
шығындарының болжамды
көлемін есептеу тәртібіне
қосымша

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі

Функционалдық кіші топтардың атауы

Көрсеткіштер

Коэффициенттер

1

2

3

1. Жалпы сипаттағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығы

5. Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер


тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығы

6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік көмек

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
кедейлік (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде);
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақы;
жылыту маусымының ұзақтығы

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үй шаруашылығы

Тұрғын үй қорының жалпы ауданы (мың шаршы метр)

жылыту маусымының ұзақтығы

Коммуналдық шаруашылық

Тұрақты халық саны

тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығы

Елді мекендерді көркейту

тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығы

8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Мәдениет саласындағы қызмет

Тұрақты халық саны

тығыздық;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақы;
жылыту маусымының ұзақтығы

Спорт

тығыздық;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақы;
жылыту маусымының ұзақтығы

12. Көлік және коммуникация

Автомобиль көлігі

Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (километр)

жолдарды күтіп-ұстау;
жылыту маусымының ұзақтығы

13. Басқалар

Басқалар

Тұрақты халық саны

жылыту маусымының ұзақтығы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады