"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 22 шiлдедегі № 83/қе бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11558 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрық тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың және 1) тармақшасында қарастырылған іс-шараларды орындау бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік
генерал-лейтенанты
К. Мәсімов

      КЕЛIСIЛДI:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
__________________________
2021 жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2021 жылғы "22" шілде
№ 83 қе бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2015 жылғы 3 маусымдағы
№ 46 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары

Р/с №

Бөлімшелер-дің атауы

Өлшем бірлігі

Карталар масштабы және бір номенклатуралық парақ даналарының тиісті саны

1:50000

1:100000

1:200000

1:500000

1:1000000

1:2000000

1:4000000

Координаталар каталогы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) Шекара қызметінің Шекара басқармасы, Департаменті

парақ

250

150

30

15

3

-

-

1

2

Авиация басқармасы

парақ

10

50

50

100

150

150

-

1

3

Авиация бөлімі

парақ

5

10

30

30

20

70

-

-

4

Шекаралық бақылау басқармасы (жеке бақылау-өткізу пункті)

парақ

2

2

2

1

-

-

-

-

5

Арнаулы мақсаттағы басқарма (арнаулы мақсаттағы мобильдік іс-әрекет тобы, арнаулы мақсаттағы мобильдік іс-әрекет бөлімшесі, арнаулы мақсаттағы мобильдік іс-әрекет бөлімшесі)

парақ

50

15

15

-

-

-

-

-

6

Шекара бөлімі

парақ

50

15

5

-

-

-

-

-

7

Шекара бөлімшесі

парақ

10

5

5

-

-

-

-

-

8

Шекара академиясы

парақ

80

70

50

15

2

5

-

1

9

Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері *

парақ

50

80

50

10

5

-

-

-

10

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтау қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі)

парақ

2

3

5

1

-

-

-

-

      Ескертпе:

      1. Ірі масштабтағы карталар болмаған кезде белгіленген нормалар шегінде оларды неғұрлым кіші масштабтағы карталармен ауыстыруға рұқсат етіледі. Кіші масштабтағы карталарды аса ірі масштабтағы карталармен ауыстыруға рұқсат етілмейді.

      2. Бір номенклатуралық парақ даналарының тиісті саны көрсетілмеген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары топографиялық және арнайы карталармен ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі үшін қарастырылған нормалар бойынша қамтамасыз етіледі

      *- кіші байланыс мамандарын кәсіптік дайындау бөлімі, қызметтік кинология басқармасы, шекаралық оқу басқармасы, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімдері, күзет және қамтамасыз ету бөлімдері, арнаулы мақсаттағы мобилдік іс-қимыл топтары, аудандық пайдалану бөлімдері мен өзге де қамтамасыз ету бөлімдері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады