Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11558 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Топографиялық және арнайы карталарын және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарын сатып алуды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бөлінген қаражат есебінен және шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асыру белгіленсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Комитет Төрағасы Н. Әбіқаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Б.Сұлтанов

      2015 жылғы "__" ______


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2015 жылғы 3 маусымдағы
№ 46 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары

      Ескерту. Норма жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 22.07.2021 № 83/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Бөлімшелер-дің атауы

Өлшем бірлігі

Карталар масштабы және бір номенклатуралық парақ даналарының тиісті саны

1:50000

1:100000

1:200000

1:500000

1:1000000

1:2000000

1:4000000

Координаталар каталогы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) Шекара қызметінің Шекара басқармасы, Департаменті

парақ

250

150

30

15

3

-

-

1

2

Авиация басқармасы

парақ

10

50

50

100

150

150

-

1

3

Авиация бөлімі

парақ

5

10

30

30

20

70

-

-

4

Шекаралық бақылау басқармасы (жеке бақылау-өткізу пункті)

парақ

2

2

2

1

-

-

-

-

5

Арнаулы мақсаттағы басқарма (арнаулы мақсаттағы мобильдік іс-әрекет тобы, арнаулы мақсаттағы мобильдік іс-әрекет бөлімшесі, арнаулы мақсаттағы мобильдік іс-әрекет бөлімшесі)

парақ

50

15

15

-

-

-

-

-

6

Шекара бөлімі

парақ

50

15

5

-

-

-

-

-

7

Шекара бөлімшесі

парақ

10

5

5

-

-

-

-

-

8

Шекара академиясы

парақ

80

70

50

15

2

5

-

1

9

Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері *

парақ

50

80

50

10

5

-

-

-

10

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтау қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі)

парақ

2

3

5

1

-

-

-

-

      Ескертпе:

      1. Ірі масштабтағы карталар болмаған кезде белгіленген нормалар шегінде оларды неғұрлым кіші масштабтағы карталармен ауыстыруға рұқсат етіледі. Кіші масштабтағы карталарды аса ірі масштабтағы карталармен ауыстыруға рұқсат етілмейді.

      2. Бір номенклатуралық парақ даналарының тиісті саны көрсетілмеген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары топографиялық және арнайы карталармен ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі үшін қарастырылған нормалар бойынша қамтамасыз етіледі

      *- кіші байланыс мамандарын кәсіптік дайындау бөлімі, қызметтік кинология басқармасы, шекаралық оқу басқармасы, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімдері, күзет және қамтамасыз ету бөлімдері, арнаулы мақсаттағы мобилдік іс-қимыл топтары, аудандық пайдалану бөлімдері мен өзге де қамтамасыз ету бөлімдері.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады