Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 64 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 237/ке-ка бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 16-тармағы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департментінің штатына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 207 қбп-қа бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 64 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереженің:

      7-тармағының:

      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Кентау қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Кентау қаласы, Ашысай, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ ауылдық округтері;";

      12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Шардара аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Шардара ауданы;";

      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) Сауран аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шорнақ, Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үш-Қайық, Яссы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабай-Қорған, Жібек Жолы, Майдантал ауылдық округтері.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: 160000, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі, 279.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті заңмен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберсін;

      2) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір айлық мерзім ішінде хабардар етсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      4) екі ай мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны жөнінде ақпараттандырсын.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік
генерал-лейтенанты
К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады