"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 247/ке-қа бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департментінің штатына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 826/қбп-қа бұйрығымен бекітілген жүргізілген ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

      5-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Темір аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, қалалық типтегі Шұбарқұдық кенті. Қызмет көрсету аймағы - Темір ауданы;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Хромтау аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы. Қызмет көрсету аймағы - Хромтау және Әйтеке би аудандары;";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Байғанин аудандық бөлімшесі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қарауылкелді ауылы. Қызмет көрсету аймағы – Байғанин және Ойыл аудандары.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберсін;

      2) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген, енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір айлық мерзім ішінде хабардар етсін;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      4) екі ай мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментін осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны жөнінде ақпараттандырсын.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік
генерал-лейтенанты
К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады