Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 82/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-5) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округінің жерлерінде орналасқан "Сарыопан" кен орнында 49 жыл мерзімге бірінші сұрыпты әк өндіру жөніндегі көліктік инфраструктура салу үшін "Осакаров ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ауданы 4,5560 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардың жер учаскелерін алып қоймай, қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Есенбекұлы Нұрмұханбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Кобжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады