Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-5) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданының жерлерінде орналасқан "АстанаГаз ҚМГ" акционерлік қоғамына ауданы 160,46 гектар жер учаскесін 49 жыл мерзімге "Сарыарқа" магистральдық газ құбырын пайдалану және қызмет көрсету үшін жер учаскелеріне жер пайдаланушылардың жер учаскелерін алып қоймай, қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Есенбекұлы Нұрмұханбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Кобжанов |