"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 143 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 385-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2023 № 385-НҚ бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабының 2-2-тармағына және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 195 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр А. Райымқұлова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2021 жылдың 14 мамырдағы
№ 143 бұйрығымен бекітілген

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану және кинематография салаларында ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      4. Комитет азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Комитет егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарапы ретінде қатынасуына құқығы бар.

      6. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Төрағаның немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      9. Комитеттің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтайшы құжаты болып табылады.

      11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда одан алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Міндеттері:

      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      14. Функциялары:

      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларындағы нормативтік құқықтық актілерге заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтық мониторинг жүргізу;

      3) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      4) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      5) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттық іс-шараларын жүзеге асыру;

      6) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды әзірлеу, сондай ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      7) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      8) Қазақстан Республикасының мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      9) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      10) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізу;

      11) шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларындағы ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдерді, сыйлықтар мен жүлделерді тағайындау;

      12) республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлеу;

      13) талантты жастар мен перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздеуге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

      14) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидаларын әзірлеу;

      15) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      16) мемлекеттік музейлерде қор сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын әзірлеу;

      17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогін жүргізу қағидаларын және музей дерекқорын жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      18) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен;
      19) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен;

      20) театр, музыка және концерт қызметі, цирк өнері, музей ісі және археология, бейнелеу өнері, сәулет және дизайн жөнінде салалық көркемдік кеңестер құру және олар туралы ережелерді бекіту;

      21) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      22) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен;
      23) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен;

      24) республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;

      25) Мемлекеттік фильмдер тізілімін жүргізу;

      26) фильмдерге прокаттау куәлігін беру және оның қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ оларды сот тәртібімен кері қайтарып алу;

      27) ұлттық фильм куәлігін беру;

      28) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізу;

      29) театр, музыка өнерін, кинематографияны, музей ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, кітапханаларды қоспағанда мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету;

      30) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіру;

      31) өз құзыреті шегінде кітапханаларды қоспағанда республиканың (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру, меншік нысанына қарамастан шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      32) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын әзірлеу;

      33) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      34) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлеу;

      35) мәдениет саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      36) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларын беру, шығармашылық ұжымдарды наградтау туралы ұсыныстар енгізу;

      37) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру;

      38) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен;

      39) мәдениет пен өнерді дамытуға, тарихи-мәдени мұраны қорғауға және кинематографияға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асырудың мониторингі мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      40) фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын әзірлеу;

      41) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын әзірлеу;

      42) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін әзірлеу;

      43) кинематография саласында субсидиялар төлеу қағидалары мен шарттарын әзірлеу;

      44) прокаттау куәлігін беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында прокаттауға арналған фильмдердің жас сыныптамасын жүзеге асыру;

      45) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен фильмді ұлттық деп тану;

      46) кинематография саласындағы ғылым мен білімді дамытуға, шығармашылық және техникалық кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдесу;

      47) кинематография саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту, кинематографиялық ұйымдардың халықаралық комиссияларға, фестивальдарға, конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;

      48) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін орнату және жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүйеге келтіру және есепке алуды қамтамасыз ету;

      49) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокаттының мониторингін жүзеге асыру;

      50) Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруда қаржыландыру көлемдерін белгілеу үшін санаттарға жатқызу өлшемшарттарын әзірлеу;

      51) ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидаларын әзірлеу;

      52) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен бюджетке төленетін салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі бойынша фильмдерді шығару кезінде инвестор кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу;

      53) фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      54) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлеу;

      55) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлеу;

      56) материалдар мен олжаларды музей атауын көрсете отырып, республикалық немесе жергілікті маңызы бар мемлекеттік музейге беру туралы шешім қабылдау;

      57) жеке және заңды тұлғалар мен тиісті мемлекеттік музейді қабылданған шешім және материалдар мен олжаларды қабылдау-тапсыру рәсімін жүзеге асыру қажеттігі туралы хабардар ету;

      58) фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын әзірлеу;

      59) Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      60) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

      61) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бағалау нормативтерін әзірлеу;

      62) мемлекеттік меншік болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін, сондай-ақ республикалық меншік болып табылатын жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруді келісу;

      63) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін ауыстыру немесе өзгерту кезінде оларды тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      64) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұлттық мәдени игілік объектілерін Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы өтінішхаттарын қарау;

      65) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу;

      66) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      67) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсынысы бойынша Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзiмiне және ЮНЕСКО-ның шұғыл қорғауын қажет ететiн материалдық емес мәдени мұра тiзiмiне Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұра элементтерін енгізу туралы өтінімдер жіберу;

      68) тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын қозғайтын қала құрылысы жобаларын келісу;

      69) тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруды және оны өзгертуді келісу;

      70) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      71) тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссия құру, оның ережесі және құрамын бекіту, әзірлеу;

      72) ұлттық мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі жөніндегі сараптама комиссиясын құру;

      73) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын әзірлеу;

      74) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын әзірлеу;

      75) монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын әзірлеу;

      76) мемориалдық тақталар орнату қағидаларын әзірлеу;

      77) Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік иесінің өкілеттіктерін жүзеге асыру;

      78) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және санатын өзгерту қағидаларын әзірлеу;

      79) қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын әзірлеу;

      80) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын әзірлеу;

      81) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу;

      82) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде мәртебесінен айыру және оны Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастау;

      83) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      84) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін мониторингтеуді жүзеге асыру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

      85) тарихи-мәдени мұра объектісін және (немесе) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымы негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану және оларды республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу;

      86) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін келісу;

      87) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтарындағы шаруашылық және өзге де қызметті және оларды қорғау аймақтарының жобаларын келісу;

      88) тарих және мәдениет ескерткіштерінің арасынан Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру;

      89) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін ұсыну;

      90) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын әзірлеу;

      91) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын әзірлеу;

      92) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне қатысты қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын айқындау;

      93) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымы негізінде шешім қабылдау, сондай-ақ жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішіне тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімін келісу;

      94) мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып, тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жоспарларын қалыптастыру және бекіту, сондай-ақ бекітілген жоспарларға өзгерістер енгізу;

      95) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау үшін тұрақты жұмыс істейтін сараптама комиссиясын құру;

      96) тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сауалына сәйкес оларды тауар таңбасы ретінде тіркеу үшін Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетінің игілігі болуы мүмкін белгіні келісу не келісуден бас тарту;

      97) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;

      98) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;

      99) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеу;

      100) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын әзірлеу;

      101) мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу;

      102) мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді әзірлеу мен өткізу қағидаларын әзірлеу;

      103) музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын әзірлеу;

      104) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен;
      105) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен;

      106) музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары мен шарттарын және музей ісі саласындағы басқа да қатынастарды әзірлеу;

      107) мәдени-демалыс ұйымдары қызметінің тәртібін әзірлеу;

      108) өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      109) тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      110) Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін әзірлеу;

      111) мәдениет ұйымдары желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, ауылдық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын әзірлеу;

      112) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлеу;

      113) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен;

      114) фильмге прокаттау куәлігінің нысанын әзірлеу;

      115) тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидаларын әзірлеу;

      116) мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидалары мен шарттарын әзірлеу;

      117) балет әртістеріне төлемдерді тағайындау жөніндегі комиссия құру;

      118) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөнінде комиссия құру;

      119) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар әзірлеу;

      120) мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін әзірлеу;

      121) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10967 болып тіркелген) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларының 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау үшін тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық комиссия құру;

      122) монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия құру;

      123) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келісу;

      124) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану мен кинематография салаларындағы заттай нормаларды әзірлеу;

      125) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен;
      126) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен;
      127) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен;

      127-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;

      127-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;

      127-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды интернет-ресурсқа орналастыруға дайындау;

      127-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетуге қатысу;

      127-5) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;

      127-6) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;

      127-7) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;

      127-8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1139 қаулысымен бекітілген Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге және олармен шарттар жасасуға қатысу;

      127-9) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;

      127-10) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын әзірлеу;

      127-11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;

      127-12) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы жəне шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлеу;

      127-13) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы жəне шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін әзірлеу;

      127-14) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын әзірлеу;

      127-15) Ұлттық кинокомиссия туралы ережені жəне оның құрамын әзірлеу;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      127-16) тармақша 01.01.2023 бастап 01.01.2026 дейін қолданыста болады – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 бұйрығымен.

      127-16) мемлекеттік емес музейлер әкелген кезде импорты қосылған құн салығынан босатылатын өнер туындылары тізбесін әзірлеу;

      127-17) өз құзыреті шегінде мәдениетаралық және этносаралық диалогты қамтамасыз ету, қазақ халқының және этностық топтардың ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрметті нығайту;

      127-18) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;

      127-19) Қазақстан Республикасының халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасау;

      127-20) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;

      127-21) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мәдениет қызметкерлерін аттестаттау және мерзімінен бұрын аттестаттау қағидаларын әзірлеу;

      127-22) Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін әзірлеу;

      127-23) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізу;

      127-24) жастарды мәдени ағартуды және олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;

      127-25) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;

      128) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 25.08.2022 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.05.2023 № 126 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрықтарымен.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

      3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

      4) Комитет жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құру;

      5) Комитеттің құзыреті шегінде конкурстарды, фестивальдерді, конференцияларды, семинарларды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      6) мәдениет саласын дамытуға үлес қосқан тұлғаларды мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы ұсыныстар енгізу;

      7) Министрлік пен оның ведомстволары өткізетін комиссиялардың, кеңестердің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың отырыстары мен іс-шараларынға қатысу;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ Министрліктің актілеріне сәйкес Комитетке жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3-тарау. Комитет басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

      Ескерту. 3-тараудың жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болып табылатын Комитет төрағасы жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасын Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің Аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

      19. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) Министрліктің Аппарат басшысына Комитеттің штат саны бойынша ұсыныстар береді;

      2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын бекітеді;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін (Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда) лауазымға тағайындайды және босатады;

      4) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарларын тағайындау мен қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізеді;

      5) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін (төрағаның орынбасарларын қоспағанда) тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      6) Министрліктің келісімі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды;

      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан әрекет етеді;

      9) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;

      10) Мәдениет саласының дамуына үлес қосқан тұлғаларды алғыс хаттар мен Құрмет грамоталармен марапаттау мәселелерін шешеді;

      11) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      20. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) пен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      1. "Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      2. "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      3. "Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      4. "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      5. "Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      6. "Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      7. "Республикалық академиялық неміс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      8. "Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      9. "Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      10. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      11. "Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      12. "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      13. "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      14. "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      15. "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      16. "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      17. "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      18. "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      19. "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      20. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      21. "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      22. "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      23. "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      24. "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      25. "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      26. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      27. "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      28. "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      29. "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      30. "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      31. "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      32. "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      33. "Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      34. "Қазақ әуендері" акционерлік қоғамы.

      35. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы.

      36. "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      37. "Астана Балет" театры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      38. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Комитеттің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.05.2023 № 126 (15.05.2023 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады