"Арал ауданы Сексеуіл кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы №154 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 тамыздағы № 96 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Арал ауданы Сексеуіл кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 154 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6306 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде көрсетілген шешіммен бекітілген:

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген жергiлiктi қоғамдастық жиналысының регламентiне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15630 болып тіркелген) сәйкес әзiрлендi.";

      4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      Сексеуіл кенті (бұдан әрі – кент) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      кент әкімі аппаратының коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі кент әкімі аппаратының шешімдерін келісу);

      бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      кент бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      кенттің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      кент әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің кент әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      кент әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.";

      6 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жиналысқа шақыру уақыты, шақырылу орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі, оған сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.".

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілетін күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және олардың Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім);

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада кент әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде кент әкіміне беріледі.

      Кент әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде ауданның тиісті мәслихатының қарауына беріледі.

      13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді кент әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Кент әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының хатшысы Б. Турахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады