Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 559 "2021-2023 жылдарға арналған Өркендеу ауылдық округінің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 143 шешімі. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының "2021-2023 жылдарға арналған Өркендеу ауылдық округінің бюджеті туралы" 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 559 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2021-2023 жылдарға арналған Өркендеу ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 58613 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 1962 мың теңге;

      трансферттер түсімдері – 56651 мың теңге;

      2) шығындар – 58767 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

      бюджеттік кредиттер – 0;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

      қаржы активтерін сатып алу – 0;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -154 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 154 мың теңге.".

      2-2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) әкім аппараты қызметін қамтамасыз ету шығындарына 5218 мың теңге.".

      Көрсетілген шешімнің 1 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихатының хатшысы Б. Жарылқап

  Қазалы аудандық мәслихатының
  2021 жылғы "11" қарашадағы
  №143 шешіміне қосымша
  Қазалы аудандық мәслихатының
  2020 жылғы "25" желтоқсандағы
  №559 шешіміне 1-қосымша

2021 жылға арналған Өркендеу ауылдық округінің бюджеті

Санаты

Сомасы, мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы




1. Кірістер

58613

1



Салықтық түсімдер

1962


01


Табыс салығы

161



2

Жеке табыс салығы

161


04


Меншiкке салынатын салықтар

1801



1

Мүлiкке салынатын салықтар

62,5



3

Жер салығы

71,5



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

1667

4



Трансферттердің түсімдері

56651


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

56651



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

56651

Функционалдық топ



Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi



Бағдарлама




Атауы




2. Шығындар

58767

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

32175


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

32175



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

31755



032

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

420

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

5084


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

5084



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

3099



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

651



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

1334

08



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

21508


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

21508



006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

21508




3. Таза бюджеттік кредиттеу

0




Бюджеттік кредиттер

0




Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

0




Қаржы активтерін сатып алу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




5. Бюджет тапшылығы (профициті)

-154




6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

154

8



Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

154


01


Бюджет қаражаты қалдықтары

154



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

154


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады