“Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 252 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыда туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жалағаш ауданының әкімі А.Шәменов

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы “23” қарашадағы
  №252 қаулысымен бекітілген

“Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3.

      10. Осы Ереже “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілерімен “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Міндеттері:

      1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаржының оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;

      4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы есептілікті қалыптастыру;

      5) өткізілген сатып алулардың мониторингін жүзеге асыру;

      6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      15. Өкілеттіктері:

      1) "Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен құқылы:

      мемлекеттi органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

      өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

      2) “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мiндеттерi:

      заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

      қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;

      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

      16. Функциялары:

      1) тапсырыс беруші бекіткен немесе нақтылаған мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алулардың алдын ала жоспары) негізінде конкурс (ашық конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс), аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден алу тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру;

      2) бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      3) әрбір конкурсқа немесе аукционға жеке конкурстық немесе аукциондық комиссияны бекіту және конкурстық немесе аукциондық комиссияның хатшысын айқындау;

      4) қажет болған жағдайда әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекіту;

      5) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін, сондай-ақ, конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, конкурс немесе аукцион жүргізудің шарттары мен тәртібін анықтау үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы қалыптастыру және оны тапсырыс берушімен келісу;

      6) Мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын бекіту;

      7) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауды ұйымдастыру;

      8) конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ, конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын мемлекеттік сатып алулар веб-порталында орналастыру;

      9) заңнамамен бекітілген тәртіпте бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң бiрнеше түрiн, бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi лоттарға бөлу арқылы тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуларды жүзеге асыру;

      10) әлеуетті өнім берушінің банктік кепілдік түрінде қағаз тасығышта енгізген конкурсқа немесе аукционға қатысуды қамтамасыз етуін қабылдап алу фактісін банктік кепілдіктерді тіркеу журналына есепке алу;

      11) заңнамамен көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушінің конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтаруды жүзеге асыру;

      12) заңнамамен көзделген жағдайларда конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасын тиісті бюджет кірісіне жатқызылуы бойынша шаралар қолдану;

      13) заңнамамен көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алулардың жеңімпазына мемлекеттік сатып алулардың веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жіберу;

      14) заңнамамен көзделген жағдайларда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру;

      15) мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу және есебін алу.

      “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктерін іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік органдар үшін белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      18. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жалағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда бөлімнің мүдделерін білдіреді;

      3) бөлім бұйрықтарына қол қояды;

      4) бөлім қызметкерлерінің біліктілік талаптарын бекітеді;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалау шараларын қабылдайды;

      7) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      8) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

      9) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады