Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жаңақорған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 608 "Сунақата ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмерімен 8124 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Сунақата ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 67 335 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 3 154 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 64 181 мың теңге;
2) шығындар – 68 661 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 326 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 326 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1 326 мың теңге;";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.".
2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданы мәслихатының хатшысы | Г. Сопбеков |
Жаңақорған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 91 шешіміне қосымша |
|
Жаңақорған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 608 шешіміне 1-қосымша |
Сунақата ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджеті
Санаты | Сомасы, мың теңге | |||
Сыныбы | ||||
Ішкі сыныбы | ||||
Атауы | ||||
I. КІРІСТЕР | 67 335 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 3 154 | ||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 3 154 | ||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 54 | ||
3 | Жер салығы | 300 | ||
4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 2 800 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 64 181 | ||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 64 181 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 64 181 | ||
Функционалдық топ |
Сомасы, мың | |||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | ||||
Бағдарлама | ||||
Атауы | ||||
II. ШЫҒЫНДАР | 68 661 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 20 587 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 20 587 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 20 587 | ||
06 | Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру | 7 557 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 7 557 | ||
003 | Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету | 7 557 | ||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 10 481,2 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 10 481,2 | ||
008 | Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру | 4 314,2 | ||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 273 | ||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 5 894 | ||
08 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк | 12 273 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 12 018 | ||
006 | Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау | 12 018 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 255 | ||
028 | Жергілікті деңгейде денешынықтыру- сауықтыру және спорттық ісшараларды өткізу | 255 | ||
12 | Көлік және коммуникация | 9 172 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 9 172 | ||
045 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу | 9 172 | ||
13 | Басқалар | 7 625 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 7 625 | ||
040 | "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру | 7 625 | ||
15 | Трансферттер | 965,8 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 965,8 | ||
048 | Пайдаланылмаған (толық толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттер | 9,8 | ||
051 | Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер | 956 | ||
5. Бюджет тапшылығы (профициті) | -1 326 | |||
6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) | 1 326 | |||
8 | Бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары | 1 326 | ||
1 | Бюджет қаражатының қалдықтары | 1 326 | ||
01 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 1 326 |