"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексінің 17, 69 – баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және "Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың 17 тамыздағы № 01-1/188-вн қатынас хаты негізінде Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғары қысымды газ құбырларының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану мақсатында жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, Жаңақорған ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі 60,1703 гектар жер учаскесіне 2026 жылдың 25 тамызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жаңақорған ауданы, Кейден ауылдық округі, Жайылма ауылдық округі және Шалқия кенті аумағынан жоғары қысымды газ құбырларының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.
3. "Жаңақорған ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | Р. Рүстемов |
Жаңақорған ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы ______________ | |
№___ қаулысына қосымша |
№ | Жер пайдаланушылар атауы | Кадастрлік нөмірі |
1 | "Тайпақкөл" Шаруа қожалығы | 10-149-040-1720 |
2 | "Жаңақорған шипажайы" Акционерлік қоғамы | 10-149-040-1725 |
3 | "Жаңақорған шипажайы" Акционерлік қоғамы | 10-149-040-1807 |
4 | "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамы | 10-149-042-176 |
5 | "Жаңақорған кенті әкімінің аппараты" Комуналдық мемлекеттік мекемесі | 10-149-042-247 |
6 | "КДСМ Қыран" Жауапкершілік шектеулі серіктестігі | 10-149-040-1006 |
7 | "Шоқымазар" Шаруа қожалығы | 10-149-040-1059 |
8 | "Береке-И.О" Шаруа қожалығы | 10-149-040-1276 |
9 | "Сенім" Шаруа қожалығы | 10-149-040-910 |
10 | "Береке-И.О" Шаруа қожалығы | 10-149-040-1277 |
11 | "Жиделі" Шаруа қожалығы | 10-149-040-948 |
12 | "Қорған-тас К" Жауапкершілік шектеулі серіктестігі | 10-149-040-1022 |
13 | "ШалқияЦинк ЛТД" Жауапкершілік шектеулі серіктестігі | 10-149-042-541 |
14 | "Жер-қазына" Жауапкершілік шектеулі серіктестігі | 10-149-040-2237 |