2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 527 қаулысы. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына квота осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына квота осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына квота, осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      4. "Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Р. Рүстемов

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2021жылғы "6" желтоқсандағы
№ 527 қаулысына 1-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (%)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің Н.Илялетдинов атындағы №169 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

159

1

1

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2021 жылғы "6" желтоқсандағы
№ 527 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (%)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Ералбек" шаруа қожалығы

5

2

1

2

"Тұрабай" шаруа қожалығы

6

2

1

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2021 жылғы "6" желтоқсандағы
№ 527 қаулысына 3-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. 3 - қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 14.10.2022 № 778 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскер лердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері
(%)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Сұңқар" шаруа қожалығы

20

2

1

2

"Әділет-Д" шаруа қожалығы

10

2

1

3

"Дауіржан" шаруа қожалығы

12

2

1

4

"Аман-ата" шаруа қожалығы

10

2

1

5

"Досбол-Б"шаруа қожалығы

5

2

1

6

"Тұрабай" дара кәсіпкерлігі

6

2

1

7

"Тоқсанбай" шаруа қожалығы

10

2

1

8

"Сәмідін" шаруа қожалығы

10

2

1

9

"Жер-Мұра" шаруа қожалығы

12

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады