Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 257 қаулысы

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4002 болып тіркелген) 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:

      11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы ай сайын айдың 20-на дейін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынады.";

      16 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес, Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесімен қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру ескеріле отырып қалыптастырылады.";

      29 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "29. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. Т. Орынбасаровқа жүктелсін.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады