Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19-бабына, 69 бабының 4 тармағы 2-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 35-бабы 1-тармағының 6-тармақшасына және жер учаскесіне құқық беру үшін жобалау жоспарына сәйкес ШЕШТІМ:
1. "P-2-P.KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне инженерлік желі жүргізу үшін (талшықты-оптикалық байланыс желісі) Бейнеу ауылынан жалпы ауданы 2,1751 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгілсін.
2. "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы шешімді ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауылының әкімі | Р. Тайшыбаев |