"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрде көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 15 қарашадағы | |
№ 518 қаулысымен | |
бекітілген |
"Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың осы Ережеге қосымшада көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарманың, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, О. Шипин көшесі, 153/3-үй.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 10.01.2024 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау болып табылады;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау болып табылады;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою болып табылады;
8) ветеринария ғылымын дамыту, мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.
14. Өкілеттіктер:
1) құқықтар:
өз қызметін басқа атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алу, Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өз мүдделерін білдіру;
өңірдің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу үшін басқа ұйымдардың, басқармалар мен ведомстволардың мамандарын тарту;
белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсыныс шығару;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялар:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастырады және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
2) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) облыстың аумағында орналасқан екі және одан да көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;
4) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан да көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімдер қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялауды жүзеге асырады;
6) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы Жеке және заңды тұлғалардан хабарламалар қабылдайды, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
7) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастырады және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
8) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, үй жануарларын асырау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
10) Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияны ұйымдастырады, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымды қамтамасыз етеді;
11) Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеуді ұйымдастырады;
12) Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді ұйымдастырады;
13) Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
14) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
15) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығарады;
16) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекітеді;
17) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуын және өткізілуін үйлестіреді;
18) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады;
19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындайды және процессингтік орталыққа ақпарат береді;
21) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады;
22) Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізеді;
23) Эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
24) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтауды, талдауды және оларды уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады;
25) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізеді;
26) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
27) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
28) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады;
29) Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады;
30) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді;
31) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды және жинақтауды ұйымдастырады;
32) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 12.04.2022 № 156 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3-тарау. Бірінші басшының мәртебесі, өкілеттігі мемлекеттік органның атауы
16. Басқармаға басшылықты ветеринария басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
5) басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда басқарманың атынан өкілдік етеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және қызметкерлер саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша Басқарманың қаржыландыру жоспарын, басқару құрылымын бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге | |
қосымша |
"Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
1. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Алтынсарин ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Амангелді ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Әулиекөл ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
4. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Бейімбет Майлин ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
5. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Денисов ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
6. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Жангелдин ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
7. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Жітіқара ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
8. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының" "Қамысты ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
9. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Қарабалық ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
10. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Қарасу ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
11. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Қостанай ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
12. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Меңдіқара ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
13. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Науырзым ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
14. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Сарыкөл ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
15. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Ұзынкөл ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
16. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Федоров ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
17. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Арқалық қаласының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
18. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Қостанай қаласының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
19. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Лисаков қаласының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
20. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Рудный қаласының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.