Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 836 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында ссы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Ахметов

  Әкімдіктің
  қаулысына қосымша

      1. "Тарату трансформаторлық қосалқы станциясынан 0,4 киловольт кабель желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін" Қостанай қаласы мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0122 гектар, оның ішінде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жерлерінде (12-193-009-866) - жалпы алаңы 0,0009 гектар;

      2. "38-трансформаторлық қосалқы станциядан 10 киловольт кабель желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін" Қостанай қаласы мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0083 гектар, оның ішінде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жерлерінде (12-193-090-167) - жалпы алаңы 0,0009 гектар;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады