Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Строй Элит Дом" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай қаласы, Карбышев көшесі, 43/3 шекараларында, Челябинская көшесі - Карбышев көшесі (10/0, 4 кило вольт - 400 кило вольт ампер, № 568 объектте трансформаторлық қосалқы станция) шекараларында орналасқан "Коммуналдық және инженерлік жеткізу желілерін жобалау және жүргізу үшін "сыртқы электрмен жабдықтау" объектісі бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында жалпы алаңы 0,0159 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ. Ахметов |