Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 937 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Ахметов

  Әкімдіктің
  қаулысына қосымша

      1. "Қостанай облысы Қостанай қаласында 25602-ЖКШ ТШ күрделі жөндеу" телекоммуникация объектісі бойынша байланыс тіректерін орнату үшін Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 1/2 үй және Абай даңғылы, 1/93 үй шекараларында мекенжай бойынша, жалпы алаңы 0,8119 гектар;

      2. "Қостанай қаласында RSM ЖКҚ күрделі жөндеу" телекоммуникация объектісі бойынша телефондық канализация, байланыс құдықтарын салу және тарату шкафын орнату үшін Қостанай қаласы, Дружба тұрғын алабы, Степная көшесі мекенжайы бойынша, жалпы алаңы 0,0930 гектар;

      3. "Қостанай қаласында RSM ЖКҚ күрделі жөндеу" телекоммуникация объектісі бойынша телефондық канализация, байланыс құдықтарын салу және тарату шкафын орнату үшін Қостанай қаласы, Дружба тұрғын алабы, Молодежная көшесі мекенжайы бойынша, жалпы алаңы 0,2059 гектар;

      4. "2018 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының кең жолақты қатынау желісін дамыту. Қостанай қаласында FTTH желісін салу (әрекет ету аймағы optical line terminal - 28, optical line terminal - 50, optical line terminal - 55)" объектісі бойынша телефондық канализацияны жобалау және салу үшін, Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 24А үй мекенжайы бойынша жалпы алаңы 0,0032 гектар;

      5. "2018 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының кең жолақты қатынау желісін дамыту. Қостанай қаласында FTTH желісін салу (әрекет ету аймағы optical line terminal - 28, optical line terminal - 50, optical line terminal - 55)" объектісі бойынша телефондық канализацияны жобалау және салу үшін, Қостанай қаласы, Әуежай шағын ауданы, 16-үй, 17-үй, 21-үй мекенжайы бойынша, жалпы алаңы 0,0700 гектар;

      6. "2018 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының кең жолақты қатынау желісін дамыту. Қостанай қаласында FTTH желісін салу (әрекет ету аймағы optical line terminal - 28, optical line terminal - 50, optical line terminal - 55)" объектісі бойынша телефондық канализацияны жобалау және салу үшін, Қостанай қаласы, Әуежай шағын ауданы, 17 үй, 18 үй мекенжайы бойынша жалпы алаңы 0,0076 гектар;

      7. "2018 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының кең жолақты қатынау желісін дамыту. Қостанай қаласында FTTH желісін салу (әрекет ету аймағы optical line terminal - 28, optical line terminal - 50, optical line terminal - 55)" объектісі бойынша телефондық канализацияны жобалау және салу үшін, Қостанай қаласы, Әуежай шағын ауданы, 5 үй мекенжайы бойынша, жалпы алаңы 0,0197 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады