Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 973 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

      Әкім Қ. Ахметов

  Әкімдіктің қаулысына
  қосымша

      1. 2.18 жылу камерасынан 6.15 жылу камерасына дейін Қостанай қаласы, Абай даңғылы бойындағы мекенжайында орналасқан "№ 9 жылу магистралі" жалпы алаңы 0,8839 гектар;

      2. 17.01 жылу камерасынан 17.04 ауа торабының жылу камерасына дейін Қостанай қаласы, Чехов көшесі бойындағы мекенжайында орналасқан "№ 17 жылу магистралі", жалпы алаңы 0,6024 гектар;

      3. 2.01 жылу камерасынан 2.11 жылу камерасына дейін Қостанай қаласы, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы мекенжайында орналасқан "№ 2 жылу магистралі", жалпы алаңы 1,5632 гектар;

      4. Қостанай қаласы, Генерал Арыстанбеков көшесінен Чкалов көшесіне дейін Абай даңғылы бойындағы мекенжайында орналасқан "№ 14 жылу магистралі", жалпы алаңы 0,8881 гектар;

      5. 14.11 жылу камерасынан 14.08 жылу камерасына дейін Қостанай қаласы, Чкалов көшесінен сорғыға дейін Абай даңғылы бойындағы мекенжайында орналасқан "№ 14 жылу магистралі", жалпы алаңы 0,7527 гектар;

      6. 2.08 жылу камерасынан 5.05 жылу камерасына дейін Қостанай қаласы, Летунов көшесі бойындағы мекенжайында орналасқан "№ 5 жылу магистралі", жалпы алаңы 0,4107 гектар;

      7. 2.11 жылу камерасынан 7.13 жылу камерасына дейін Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі бойындағы мекенжайында орналасқан "№ 7 жылу магистралі", жалпы алаңы 0,6165 гектар;

      8. 2.17 А жылу камерасынан 11.04 жылу камерасына дейін Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі бойындағы мекенжайында орналасқан "№ 10 жылу магистралі", жалпы алаңы 0,3555 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады