Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, жер комиссиясының 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 794 қорытындысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Bolashak Construction Company KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы | М. Сокитбаев |
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 6 қазандағы | |
№ 2134 қаулысына | |
қосымша |
"Bolashak Construction Company KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1. Газ құбырына қызмет көрсету үшін, Қостанай қаласы, "Береке" шағын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0244 гектар;
2. Газ құбырына қызмет көрсету үшін, Қостанай қаласы, "Береке" шағын ауданы, "Жұлдыз" тұрғын үй кешені мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0330 гектар.