Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2021 жылғы 18 ақпандағы № 766, 2021 жылғы 25 ақпандағы № 767, 2021 жылғы 31 наурыздағы № 771 қорытындылары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ. Ахметов |
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 25 қарашадағы | |
№ 2588 қаулысына | |
қосымша |
"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1. Д - 400 мм су құбырын қайта жаңарту үшін Қостанай қаласы, Карбышев-Генерал Арыстанбеков көшелерінің шекараларындағы Волынов көшесі мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,5287 гектар;
2. Д - 700 мм су құбырын қайта жаңарту үшін Қостанай қаласы, Карбышев-Генерал Арыстанбеков көшелерінің шекараларындағы В. Интернационалистов көшесі мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,6860 гектар;
3. Өздігінен ағатын Д-500 мм кәріз коллекторын қайта жаңарту үшін Қостанай қаласы, Абай даңғылы-Гашек көшесі шекараларындағы Ворошилов көшесі мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,9990 гектар;
4. Д - 200 мм су құбырын қайта жаңарту үшін Қостанай қаласы, Абай даңғылы-Жамбыл көшесі шекараларындағы Сибирская көшесі мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,1402 гектар;
5. Өздігінен ағатын Д-400 мм кәріз коллекторын қайта жаңарту үшін Қостанай қаласы, Маяковский-Гашек көшелерінің шекараларындағы Чкалов көшесі мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,4849 гектар;
6. Өздігінен ағатын Д-500 мм кәріз коллекторын қайта жаңарту үшін Қостанай қаласы, Тәуелсіздік-Победа көшелерінің шекараларындағы 1 Май көшесі мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,6134 гектар;
7. Өздігінен ағатын Д-400 мм кәріз коллекторын қайта жаңарту үшін Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы-Тәуелсіздік көшесі шекараларындағы Темірбаев көшесі мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,1928 гектар;
8. Д - 600 мм су құбырын қайта жаңарту үшін Қостанай қаласы, Баймағамбетов-Рудненская көшелерінің шекараларындағы Комаров көшесі мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 1,0476 гектар;
9. Қостанай қаласы әуежайының сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңарту үшін, КСС электрмен жабдықтау үшін Қостанай қаласы, Әуежай шағын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,3230 гектар.