Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 2754 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 803 қорытындысы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жеке кәсіпкер Испай Евсеич Айткужиновке тұрғын емес үй-жайлары бар көп қабатты тұрғын үйлерге сыртқы жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту үшін Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 358 А үй мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0803 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады