Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 2756 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 802 қорытындысы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жеке кәсіпкер Испай Евсеич Айткужиновке құрылыс орнынан ортақ пайдалану аумағына ауыстыруға байланысты, қолданыстағы газ құбырын қайта жаңарту үшін Қостанай қаласы, Бородин көшесі, 109, 113, 115, 117, 111, Пушкин көшесі, 188 А, 196 А, 192, 1, 2 пәтер, 194, 196, 196 А мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0631 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады