Мәслихаттың 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 427 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 68 шешімі

      Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 427 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8931 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:

      4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      кенттер бюджеттерінің жобаларын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      кенттер әкімдері аппараттарының кенттердің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;

      бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      кенттер бюджеттерінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      кенттердің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      кенттердің әкімдеріне кандидат ретінде тіркеу үшін Рудный қалалық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Рудный қаласы әкімінің кенттердің әкімдері лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      кенттердің әкімдерін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.";

      6 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.";

      12 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада кент әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде кенттердің әкімдеріне беріледі.

      Кент әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Рудный қалалық мәслихатының қарауына беріледі.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді кенттердің әкімдері бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Кенттер әкімдерінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені Рудный қаласының әкімі Рудный қалалық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат хатшысы С. Байгужин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады