Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Steel Corp" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, Амангелді ауданы Тасты ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 2248,7 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 26 мамырға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Амангелді ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Амангелді ауданының әкімі | Т. Карбозов |