"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Теменов |
Әулиекөл | |
ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 29 желтоқсан | |
№ 233 қаулысымен | |
бекітілген |
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі бұдан әрі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Әулиекөл ауданының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 49.
9. Осы Ереже сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі құрылтай құжаты болып табылады.
10. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
11. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері
13. Міндеттері:
1) Әулиекөл аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) Аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеуді өз құзіреті шегінде жүзеге асыру;
3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру;
4) Мемлекеттік қызметтерді анықтау және/немесе алып тастау үшін заңнама мониторингін жүргізу, мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің атауын өзгерту;
5) Елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
6) Құзыретіне кіретін бағыттар бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру, өндірістік, тұрғын үй бағытындағы обьектілерінің және әлеуметтік сала обьектілерінің құрылысы мен қайта құруға қатысу;
7) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген өзге де міндеттер.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы субъектілерден құжаттарды, қорытындыларды, анықтамаларды және басқа да материалдарды сұрату;
3) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы субъектілерден құжаттарды, қорытындыларды, анықтамаларды және басқа да материалдарды сұрату;
4) Әулиекөл ауданы обьектілерінің құрылысы, қайта құру бойынша өндірістік жұмыстарға келісімшарттар жасау;
5) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарының келісімімен кеңестер өткізу;
6) Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келіссөздер өткізу және басқа да заңды актілерге қол қою;
7) Аудан кәсіпорындарының, ұйымдарының, қоғамдық құралымдарының мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша тексеру, сараптама жүргізу, конкурстық комиссияларға қатысу үшін тарту;
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) Міндеттер:
1) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне келіп түскен құжаттардың өтуіне, орындалуына есеп және бақылау жүргізу, олардың орындалу барысы туралы ақпарат дайындау;
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) Тұтынушыларды мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
4) Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың шағымдары мен ұсыныстарын қарастыру;
5) Өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығару;
6) Аудан әкімінің, әкімдігінің және аудандық мәслихаттың қарауына өздерінің құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізу;
7) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу, жұмысын жақсарту туралы қажетті ұсыныстар беруге;
15. Функциялары:
1) Құрылысы салынып жатқан (құрылысын салуға белгіленген) обьектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
2) Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпаратын ұсыну;
3) Сәулет – жоспарлы тапсырмаларды беру;
4) Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Реестріне, соның ішінде мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мемлекеттік қызметтерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5) Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыруға рұқсат беру;
6) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру;
7) Аудан құрылысын дамытуға талдау, түзету жасау және басым бағдарламаларды іске асыруға көмек көрсету;
8) Обьектілердің құрылыс және қайта құру барысын бақылауды жүзеге асыру;
9) Құрылыс саласында бәсекелестік нарықты дамытуға жәрдемдесу;
10) Аудан обьектілері құрылысына және қайта құруға тендерлер өткізуге қатысу;
11) Нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамаларына сәйкес обьектілер құрылысы және қайта құру бойынша орындалған жұмыстарды қабылдауды жүзеге асыру;
12) Нысаналы мақсаттына сәйкес бюджеттік қаражаттар мен материалдық құндылықтар тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;
13) Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге өтінімдер мен анықтамалар дайындау;
14) Жасалған азаматтық-құқықтық келісулер бойынша, ақшалай қаражаттарды уақытында аударуды бақылау;
15) Бөлімнің құзыретіне кіретін аумақтық бағдарламаларды, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
16) Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жедел ақпараттар, анықтамалар, есептер дайындау;
17) Ауданнның обьектілерінің инженерлік - коммуникативтік инфрақұрылымын, құрылысын дамыту деректерін болжау;
18) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау және "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" 1 – ТӨ формасындағы есепті жасау;
19) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;
20) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өкілеттілігі шегінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы басқа да мәселелерді шешу.
3. Мемлекеттік орган бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшылығын сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Бірінші басшының өкілеттігі:
1) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқару және ұйымдастыру және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына дербес жауап беру;
2) Заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Қызметкерлердің өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;
4) Лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;
5) Қызметкерлер орындау үшін бұйрықтар шығарады және тапсырма береді, қызметтік құжаттрға қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
7) Заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жаза қолдану, марапаттау, және еңбекақы төлеу қорын үнемдеу шегінде материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
8) Азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, заңнамамен белгіленген мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
9) Өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;
10) Оның құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында жеке меншік мүлікке ие болуы мүмкін. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, сәулет және қала құрылысы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес жүзеге асырылады.