Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2020 жылғы 6 тамыздағы № 753-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға берілген лицензия негізінде Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Rio Tinto Exploration Kazakhstan" (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округінің босалқы жерлерінде орналасқан жалпы алаңы 340,9164 гектар жер учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2026 жылғы 6 тамызға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Rio Tinto Exploration Kazakhstan" (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізсін.
3. "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі | Нұрғалиев Б. М. |