Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2020 жылғы 10 қарашадағы № 921-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға берілген лицензия негізінде Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Гео Север" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің босалқы жерлерінде орналасқан жалпы алаңы 2,5405 гектар жер учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2026 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Гео Север" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізсін.
3. "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі | Нұрғалиев Б.М. |