Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 71-1-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, 2020 жылғы 8 шілдедегі № 677-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға берілген лицензия негізінде ШЕШТІМ:
1. "Rio Tinto Exploration Kazakhstan" (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2026 жылдың 8 шілдесіне дейін Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің Архангельское ауылындағы алаңы 475,7614 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінде және Жалтыркөл ауылындағы алаңы 648,72 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Rio Tinto Exploration Kazakhstan" (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізсін.
3. "Архангельск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Архангельск ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы | Ж. Мұсабаев |