Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 25.11.2021 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 8 қарашадағы № 01-27/761 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округі Жалтыркөл ауылының "Баталинское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында мүйізді ірі қара малдың сібір жарасы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2. "Архангельск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Архангельск ауылдық округінің әкімі | Ж. Мұсабаев |