"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) құрылтай құжатының тіркеуші орган Жітіқара ауданының Әділет басқармасына тіркеуге жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі | Н. Өтегенов |
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 8 қарашадағы | |
№ 248 қаулысымен | |
бекітілген |
"Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ) жер қатынастарын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
5. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Естай Ещанов көшесі, 13.
9. Осы Ереже "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.
10. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
11. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
12. Міндеттері:
1) жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) жер заңнамасын, аудандық өкілді және атқарушы органдардың шешімдерін орындау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.
13. Өкілеттіктері: заңнамада белгіленген құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
14. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға міндетті;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттер болып табылады;
15. Функциялары:
1) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
3) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
5) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
7) аудандардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
8) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
11) ауданның жер балансын жасау;
12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
13) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
14) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
16) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
17) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
18) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
19) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
20) Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
21) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
22) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты жүзеге асыру;
23) жоғары тұрған органдарға құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептілікті және ақпараттық құжаттарды дайындау және ұсыну;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ басқаруды басшы жүзеге асырады, ол "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы Жітіқара ауданының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ басшысының өкілеттіктері:
1) "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктері шеңберін белгілейді;
2) "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
3) бұйрықтар шығарады және "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлеріне орындау үшін міндетті болатын нұсқаулар береді;
4) заңнамада белгіленген тәртіпте көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
5) "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6) "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда танытады;
7) белгіленген еңбекақы қоры және қызметкерлердің штат саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын, "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ құрылымын бекітеді;
8) азаматтарға және заңды тұлғалардың өкілдеріне жеке қабылдау жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
9) жеке-дара өкімдік қызмет арқылы сеніп тапсырылған органға басшылықты жүзеге асырады және қабылданатын шешімдердің заңдылығына дербес жауаптылықта болады;
10) жоғары тұрған лауазымды тұлғаның шешімдерімен қатаң сәйкестікте басшылықты жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
19. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.