Әйет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әкімнің "Таран ауылдық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атаулар беру туралы" 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 4 шешіміне, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-96 болып тіркелген, мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбында, кіріспесінде және барлық мәтін бойынша "Таран ауылдық округі", "Таран ауылдық округінің" сөз тіркестері "Әйет ауылдық округі", "Әйет ауылдық округінің" деп ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3, 4-қосымшаларының жоғары оң жақ бұрышында "Таран ауылдық округі" сөз тіркесі "Әйет ауылдық округі" деп ауыстырылсын.
2. "Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Әйет ауылдық округінің әкімі | А. Б. Бердалинов |