"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті туралы ережеде:

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 46), 47), 48) және 49) тармақшалармен толықтырылсын:

      "46) шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлейді;

      47) Комитеттің құзыреті шегінде материалдық-техникалық ресурстардың қорларын құрады және пайдаланады;

      48) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, даярлау және тарту қағидаларын әзірлейді;

      49) Комитеттің құзыреті шегінде:

      стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеуді жүзеге асырады;

      стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің шомылу маусымдарында және күзгі, қысқы кезеңдерде елдің су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті туралы ережеде:

      14-тармақта:

      8) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44) және 45) тармақшалармен толықтырылсын:

      "28) құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді;

      29) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын әзірлейді;

      30) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру қағидаларын әзірлейді;

      31) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;

      32) Комитеттің құзыреті шегінде сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді;

      33) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді;

      34) сараптама ұйымдарын аккредиттеуді жүргізуді ұйымдастырады;

      35) өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      36) сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

      37) зерттеу сынақ өрт зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;

      38) Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысын әзірлейді;

      39) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын әзірлейді;

      40) Комитеттің құзыреті шегінде:

      стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеуді жүзеге асырады;

      стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;

      41) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға реттегіш құрал енгізілген немесе енгізу жоспарланып отырған жекелеген саладағы немесе мемлекеттік басқару саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсыну үшін дайындайды;

      42) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;

      43) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді;

      44) өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;

      45) Комитеттің құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғаларға электрондық қызметтер көрсетуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

      14-тармақта мынадай мазмұндағы 39-1) және 39-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "39-1) Комитеттің құзыреті шегінде:

      стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеуді жүзеге асырады;

      стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;

      39-2) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға реттегіш құрал енгізілген немесе енгізу жоспарланып отырған жекелеген саладағы немесе мемлекеттік басқару саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсыну үшін дайындайды;".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор
Ю. Ильин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады