Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Мүткенов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округінің Мүткенов ауылының аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Е. Төлеков |
Мүткенов ауылдық округінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 5 шешіміне қосымша |
Р/с № | Пайдаланушы |
Ауданы, | Нысаналы мақсаты | Пайдалану мерзімі (жыл) | Жер телімінің орналасқан жері |
1 | "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы | 0,0085 | Кабельдік кәрізді тарту және пайдалану үшін | 10 | Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округі, Мүткенов ауылы |
2 | "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы | 0,0225 | Кабельдік кәрізді тарту және пайдалану үшін | 10 | Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округі, Мүткенов ауылы |