Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің Жаңа Жұлдыз ауылының аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан ауылдық округінің әкімі | Р. Тогайбаев |
Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы "13" желтоқсандағы қосымша |
Р/с № | Пайдаланушы | Ауданы, гектар | Нысалы мақсаты | Пайдалану Мерзімі (жыл) | Жер телімінің орналасқан жері |
1 | "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы | 0,0872 | Кабельді кәрізді орналастыру және қызмет көрсету үшін | 10 | Железин ауданы, Қазақстан ауылдық округі, Жаңа Жұлдыз ауылы |