Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1, 69, 71-1-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "GOLD Generation" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жария сервитут Ақшиман ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскесіне меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, жалпы алаңы 2000,0 га жер телімін 2026 жылғы қарашаның 20-на дейін жария сервитут белгіленсін.
2. "Май ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы нормативтік құқықтық актіні ресми жарияланғаннан кейін Май ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі | А. Әмірин |