Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Кемеңгер ауылының аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | А. Вакпаев |
Кемеңгер ауылдық округі әкімінің | |
2021 жылғы 22 шілдедегі № 1-03-2 шешіміне қосымша |
Р/с № | Пайдаланушы | Ауданы, гектар | Нысаналы мақсаты | Пайдалану мерзімі (жыл) | Жер телімінің орналасқан жері |
1 | "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы | 0,0813 | Кабельдік кәрізді жүргізу мен пайдалану үшін | 10 | Кемеңгер ауылы, Кемеңгер ауылдық округі, Павлодар ауданы |