"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 208 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы 1-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрінің келісімі бойынша Комитет басшысының орынбасарларын іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде:

      1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады