Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 20-12 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше тұрғындары мен көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы маслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 8-8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 наурызда N 2585 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 8-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 22.09.2023 № 8-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше тұрғындары мен көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 20-12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2591 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіміне тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімге қоса беріліп отырған қағидасы және қосымшасы осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың
ауданы мәслихатының хатшысы
Е. Жәкенов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы мәслихатының
  2021 жылғы 24 желтоқсандағы
  № 8-8 шешіміне
  1- қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы мәслихатының
  2014 жылғы 30 қаңтардағы
  № 20-12 шешімімен
  Бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Смирново ауылының көше тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Смирново ауылының аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – Смирново ауылының көшелерінің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Смирново ауылының аумағы учаскелерге (көшелерге) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Смирново ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Смирново ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Смирново ауылының көшелері шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Смирново ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың көшелерінен қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны ауылда, көшеде оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Смирново ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Смирново ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Смирново ауылы көшелері өкілдерінің кандидатураларын Аққайың ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Смирново ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы мәслихатының
  2021 жылғы 24 желтоқсандағы
  № 8-8 шешіміне
  2-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы мәслихатының
  2014 жылғы 30 қаңтардағы
  № 20-12 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы


р/с

Көшелердің атаулары

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі
Смирново ауылы көше тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Абай

3

2

Амангелді

3

3

Гагарин

3

4

Горький

3

5

Дорожный

3

6

Карбышев

1

7

Алексей Щербаков

3

8

Линейный

3

9

Лермонтов

3

10

Мир

3

11

Молодежная

3

12

Жамбыл

3

13

9 Мамыр

3

14

25 лет Целины

3

15

Жұмабаев

3

16

Зеленый

3

17

Заводской

2

18

Имаков

3

19

Мәншүк Мәметова

2

20

Народный

3

21

Октябрьский

3

22

Олег Кошевой

2

23

Клочков

2

24

Кардон

2

25

Абылай хан

1

26

Партизанский

2

27

Пушкин

3

28

Папанин

3

29

Әлия Молдағұлова

2

30

Панфилов

3

31

П. Филиппенко

2

32

Первомайский

2

33

Рабочий

2

34

Северный

3

35

Суворов

3

36

Сырғабеков

2

37

Сейфуллин

2

38

Сәбит Мұқанов

2

39

Надежда Крупская

2

40

Қайсар Таштитов

1

41

Савицкая

1

42

Труд

3

43

Титов

3

44

Ташитова

1

45

Школьная

3

46

Элеваторная

2

47

Южный

2

48

Терешкова

1

49

Чкалов

1

50

Ғабит Мүсрепов

1

51

Учхоз

1

52

Островский

1

53

Гастелло

1

54

Жаңа тұрмыс

1

55

Шаховский

1

56

Қауданды

1

57

Бозарал

1

58

Жаңажол

1

59

Больничный городок тұйық көше

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады