Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 04.09.2023 № 7-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Дружба ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2750 болып тіркелді) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Дружба ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін көшелер мен және ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";
аталған шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы |
Е. Әділбеков |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6 тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округі аумағындағы ауылдар мен көшелерінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округінің әкімімен шақырылады және ұйымдастырылады.
6. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Дружба ауылдық округінің әкімі бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды. (Басқа тәсілдермен ақпарат берудің басқа тәсілдері, атап айтқанда: смс-хабарламалар, Facebook әлеуметтік желісінде және мемлекеттік органның ресми сайтында жариялау).
7. Ауылдарының, көшелердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшедетұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдардың, көшелердің тұрғындарының өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатымен бекітілген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынның қатысушыларымен ұсынылады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы екі жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылғаннан бастап бір жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Дружба ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын көшелер мен ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Көшелер мен ауылдардың атауы | Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Дружба ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиын дарына қатысатын көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Дружба ауылының Банный тұйық көшесінің тұрғындарына | 1 |
2 | Дружба ауылының Зерновая көшесінің тұрғындары | 2 |
3 | Дружба ауылы Ишимская көшесінің тұрғындары | 3 |
4 | Дружба ауылының Кооперативная көшесінің тұрғындары | 3 |
5 | Дружба ауылының Набережная көшесінің тұрғындары | 2 |
6 | Дружба ауылының Овражный тұйық көшесінің тұрғындарына | 2 |
7 | Дружба ауылының Садовая көшесінің тұрғындары | 3 |
8 | Дружба ауылының Советская көшесінің тұрғындары | 3 |
9 | Дружба ауылының Целинная көшесінің тұрғындары | 2 |
10 | Володарское ауылының Абай көшесінің тұрғындары үшін | 3 |
11 | Володарское ауылы Әуезов көшесінің тұрғындары | 2 |
12 | Володарское ауылының Уәлиханов көшесінің тұрғындары | 2 |
13 | Володарское ауылының Животноводов көшесінің тұрғындары | 2 |
| Володарское ауылының Интернациональная көшесінің тұрғындары | 3 |
15 | Володарское ауылының М. Мәметова көшесінің тұрғындары | 2 |
16 | Володарское ауылының Набережная көшесінің тұрғындары | 2 |
| Володарское ауылының Новоишимская көшесінің тұрғындары | 2 |
| Володарское ауылының Мир тұйық көшелерінің тұрғындары | 2 |
| Володарское ауылының Северный тұйық көшесінің тұрғындары | 1 |
20 | Володарское ауылының Строителей көшесінің тұрғындары | 2 |
| Володарское ауылының Целинная көшесінің тұрғындары | 3 |
22 | Володарское ауылының Школьная көшесінің тұрғындары | 3 |
| Володарское ауылының Южный тұйық көшесінің тұрғындарына | 1 |
24 | Целинное ауылының Комсомольская көшесінің тұрғындары | 3 |
25 | Целинное ауылының Мир көшесінің тұрғындары | 3 |
26 | Целинное ауылы Молодежная көшесінің тұрғындары | 3 |
27 | Целинное ауылының Набережная көшесінің тұрғындары | 2 |
28 | Целинное ауылының Охотничий тұйық көшесінің тұрғындары | 1 |
29 | Целинное ауылының Северная көшесі тұрғындары | 2 |
30 | Целинное ауылы Советская көшесі тұрғындары | 2 |
31 | Целинное ауылының Строителей көшесінің тұрғындары үшін | 2 |
32 | Целинное ауылының Целинная көшесі тұрғындары | 3 |
33 | Целинное ауылының Школьная көшесінің тұрғындары | 2 |
34 | Целинное ауылының Юбилейная көшесінің тұрғындары | 1 |
| Жаркөл ауылының тұрғындары | 1 |