Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-15 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 14-27 шешімі. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 7-6 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 04.09.2023 № 7-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2751 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      аталған шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан мәслихатының хатшысы
Е. Әділбеков

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан мәслихатының
  2021 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 14-27 шешіміне
  1 қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  ауданы мәслихатының
  2014 жылғы 31 наурыздағы
  N 23-15 шешімімен
  бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6 тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі аумағындағы ауылдар мен көшелерінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округінің әкімімен шақырылады және ұйымдастырылады.

      6. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауылдарының, көшелердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынынСолтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдардың, көшелердің тұрғындарының өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатымен бекітілген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынның қатысушыларымен ұсынылады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы екі жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылғаннан бастап бір жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан мәслихатының
  2021 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 14-27 шешіміне
  2-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  ауданы мәслихатының
  2014 жылғы 31 наурыздағы
  № 23-15 шешіміне
  2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын көшелер мен және ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Ауылдар мен көшелер атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Рузаевка ауылының Шарық көшесінің тұрғындарына

3

2

Рузаевка ауылының Каримов көшесінің тұрғындарына

3

3

Рузаевка ауылының Абай көшесінің тұрғындарына

3

4

Рузаевка ауылының Комсомол көшесінің тұрғындарына

2

5

Рузаевка ауылының Рузаев көшесінің тұрғындарына

3

6

Рузаевка ауылының Карл Маркс көшесінің тұрғындарына

2

7

Рузаевка ауылының Говоров көшесінің тұрғындарына

3

8

Рузаевка ауылының Степная көшесінің тұрғындарына

3

9

Рузаевка ауылының Элеватор көшесінің тұрғындарына

1

10

Рузаевка ауылының Чеботарев көшесінің тұрғындарына

1

11

Рузаевка ауылының ПТШ-12 көшесінің тұрғындарына

1

12

Рузаевка ауылының 2-ші шағын ауданы көшесінің тұрғындарына

2

13

Рузаевка ауылының Амангелді көшесінің тұрғындарына

1

14

Рузаевка ауылының Пушкин көшесінің тұрғындарына

1

15

Рузаевка ауылының Трудовая көшесінің тұрғындарына

1

16

Рузаевка ауылының Целинная көшесінің тұрғындарына

2

17

Рузаевка ауылының Кузнечная көшесінің тұрғындарына

2

18

Рузаевка ауылының Чапаев көшесінің тұрғындарына

1

19

Рузаевка ауылының Панфилов көшесінің тұрғындарына

1

20

Рузаевка ауылының Больничная көшесінің тұрғындарына

1

21

Рузаевка ауылының Калинина көшесінің тұрғындарына

1

22

Рузаевка ауылының Энгельс көшесінің тұрғындарына

2

23

Рузаевка ауылының Ленина көшесінің тұрғындарына

2

24

Рузаевка ауылының Октябрьская көшесінің тұрғындарына

1

25

Рузаевка ауылының Строительная көшесінің тұрғындарына

1

26

Рузаевка ауылының Гагарин көшесінің тұрғындарына

1

27

Рузаевка ауылының Чехов көшесінің тұрғындарына

1

28

Рузаевка ауылының Речной көшесінің тұрғындарына

1

29

Рузаевка ауылының Горький көшесінің тұрғындарына

2

30

Рузаевка ауылының Куйбышев көшесінің тұрғындарына

2

31

Рузаевка ауылының Киров көшесінің тұрғындарына

1

32

Рузаевка ауылының Жамбыл көшесінің тұрғындарына

1

33

Рузаевка ауылының 8 март көшесінің тұрғындарына

1

34

Рузаевка ауылының Садовая көшесінің тұрғындарына

1

35

Рузаевка ауылының Восточная көшесінің тұрғындарына

2

36

Рузаевка ауылының Набережная көшесінің тұрғындарына

1

37

Рузаевка ауылының Интернациональная көшесінің тұрғындарына

1

38

Рузаевка ауылының Центральная көшесінің тұрғындарына

1

39

Рузаевка ауылының Дедков көшесінің тұрғындарына

1

40

Рузаевка ауылының Юбилейная көшесінің тұрғындарына

2

41

Рузаевка ауылының Парк көшесінің тұрғындарына

1

42

Березовка ауылының тұрғындарына

3

43

Золотоноша ауылының тұрғындарына

1

44

Сарыадыр ауылының тұрғындарына

2

45

Сивковка ауылының тұрғындарына

3

46

Чернобаевка ауылының тұрғындарына

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады