Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 130-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) оған "Атырау облысы Ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Алынып тасталды - Атырау облысы әкімдігінің 31.10.2023 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес кәсіпорындардың атаулары өзгертілсін және мемлекеттік қайта тіркеуден өткізілсін.
4. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес өткізу актісі бекітілсін.
5. "Атырау облысы Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 2-қосымшасында атаулары өзгертілген мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітуге және өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өкілеттік берілсін.
6. Алынып тасталды - Атырау облысы әкімдігінің 31.10.2023 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).7. Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі №71 "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" қаулысының 2, 3-тармақтарының 1), 2) тармақшаларының және Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 60 "Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 71 "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысының күші жойылсын.
8. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" және "Атырау облысы Ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Е. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Облыс әкімі | М. Досмұхамбетов |
Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі |
|
№ 209 қаулысына 1-қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 209 қаулысымен бекітілген |
"Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Атырау облысы әкімдігінің 31.10.2023 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 209 қаулысына 2-қосымша |
Қайта аталатын кәсіпорындардың тізбесі
№ | Кәсіпорындардың қазіргі атауы | Кәсіпорындардың өзгертілген атауы |
1 | "Атырау облысы Ветеринария басқармасының Атырау қалалық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының Атырау қалалық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
2 | "Атырау облысы Ветеринария басқармасының Жылыой аудандық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының Жылыой аудандық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
3 | "Атырау облысы Ветеринария басқармасының Индер аудандық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының Индер аудандық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
4 | "Атырау облысы Ветеринария басқармасының Исатай аудандық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының Исатай аудандық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
5 | "Атырау облысы Ветеринария басқармасының Құрманғазы аудандық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының Құрманғазы аудандық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
6 | "Атырау облысы Ветеринария басқармасының Қызылқоға аудандық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының Қызылқоға аудандық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
7 | "Атырау облысы Ветеринария басқармасының Мақат аудандық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының Мақат аудандық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
8 | "Атырау облысы Ветеринария басқармасының "Махамбет аудандық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының Махамбет аудандық ветеринариялық стансасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 209 қаулысына 3-қосымша |
|
Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 209 қаулысымен бекітілген |
Өткізу актісі
1. Осы актімен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 46, 47-баптарына сәйкес "Атырау облысы Ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінен құқықтық мирасқорлық бойынша барлық құқықтары мен міндеттемелердің "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне берілуін растаймыз.
2. Қосу жолымен қайта ұйымдастырылған "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне, сондай-ақ 2021 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша активтер мен пассивтер беріледі:
Активтер | Сомасы (мың.теңге) | |
І.Қысқа мерзімді активтер | ||
Ақшалай қаражаттар | 010 | 1 034 650,0 |
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар | 011 | |
Қысқа мерзімді | 012 | |
Қорлар | 013 | 981,7 |
Ағымдағы салық активтері | 014 | |
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер | 015 | |
Басқа да қысқа мерзімді активтер | 016 | |
Қысқа мерзімді активтер жиынтығы | 100 | 1 035 631,7 |
ІІ.Ұзақ мерзімді активтер | ||
Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялар | 020 | |
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек | 021 | |
Үлестік қатысу тәсілімен ескерілетін инвестициялар | 022 | |
Инвестициялық жылжымайтын мүлік | 023 | |
Негізгі қаражаттар | 024 | 22 933,2 |
Биологиялық активтер | 025 | |
Барлау және бағалау активтері | 026 | |
Материалдық емес активтер | 027 | 1 770,0 |
Кейінге қалдырылған салық активтері | 028 | |
Басқа да ұзақ мерзімді активтер | 029 | |
Ұзақ мерзімді активтер жиынтығы | 200 | 24 703,2 |
Теңгерім (стр.100+стр.200) | 1 060 334,9 | |
ІІІ.Қысқа мерзімді міндеттемелер | ||
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер | 030 | |
Салықтар бойынша міндеттемелер | 031 | |
Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер | 032 | |
Қысқа мерзімді кредиторлық берешектер | 033 | 0,0 |
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері | 034 | |
Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер | 035 | |
Қысқа мерзімді міндеттемелер жиынтығы | 300 | 0,0 |
ІV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер | ||
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер | 040 | |
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек | 041 | |
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері | 042 | |
Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелері | 043 | |
Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер | 044 | |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер жиынтығы | 400 | |
V.Капитал | ||
Жарғылық капитал | 050 | |
Төленбеген капитал | 051 | |
Сатып алынған меншікті үлестік құралдар | 052 | |
Эмиссиялық табыс | 053 | |
Резервтер | 054 | |
Бөлінбеген пайда (өтелмеген шығын) | 055 | |
Пайда жиынтығы (залал жиынтығы) | 056 | |
Жинақталған қаржылық нәтиже | 412 | 0,0 |
Таза активтер/капитал жиыны | 500 | 0,0 |
Теңгерім (стр.100+ стр.200) | 1 060 334,9 |
"Атырау облысы Ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі теңгерімінен "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі теңгеріміне тапсырылатын жабдықтар ТІЗІМІ
(2021 жылғы 23 тамызға) |
"Атырау облысы Ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі | |
Активтер | |
Ғимараттар | 0 |
Машиналар мен жабдықтар | 62 |
Аспаптар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы | 56 |
Көлік құралдары | 1 |
Өзге негізгі құралдар | 2 |
Материалдық емес активтер | 6 |
Барлық активтер | 127 |
Материалдар мен өнімдер (теңге) | |
Шаруашылық тауарлары | 236,3 |
Отын, жанар-жағармай (ЖЖМ) | 335,8 |
Басқа да материалдар | 409,6 |
Барлық материалдар мен өнімдер | 981,7 |
Тапсырды:
"Атырау облысы Ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі
Басқарма басшы: __________________ А.С.Айтқалиев
Бас маман-есепші: ________________ А.М.Шайхиев
Қабылдады:
"Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі
Басқарма басшысының м.а.: __________________ Т.Б.Әміров
Бөлім басшысы: ________________ А.М.Сұлтанғалиева