"МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № 2449 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабы 1 тармағының 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және 37-бабына сәйкес, "МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының хатын негізге ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (011240000833) "Кенкияқ-Атырау" магистральдық мұнай құбыры құрылысына жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарусыз Махамбет ауданы аумағынан Мақат ауданы аумағына дейінгі аралықтарда орналасқан көлемі 3,8768 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. Умаровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі К. Уразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады