Созақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы № 30 "Созақ ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2021 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 71 шешiмi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Созақ аудандық мәслихаттың "Созақ ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2021 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы" 2021 жылғы 6 мамырдағы № 30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі қарар бөлігіндегі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ деген сөз ШЕШТІ деген сөзбен алмастырылсын;

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы алып тасталсын.

      2. Көрсетілген шешім осы шешімге сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Байғараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады